Н.К.Крупская атындағы жалпы орта мектебінде 2020 жылдың 16 қаңтар күні Аудандық білім бөлімінің жоспарына сай 1-11 сынып оқушыларының ата-аналары үшін қоғамдағы келелі мәселелер бойынша кездесу, бірлескен ата-аналар жиналысы өтті.

Жиналысқа Құрманғазы Аудандық Білім Бөлімі әдістемелік кабинет меңгерушісі Хасанова Нейля Кеңесқызы, Аудандық ата-аналар комитетінің төрайымы Сапарова Ұлмекен Кибатуллақызы, Байда Ауылдық Округі Әкімшілігі бас маманы Жумабаева Жанна Серікқызы, ардагер ұстаз, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Халықаралық ұстаздар одағының мүшесі Исмагулова Рабиға Утепбергенқызы және мектеп инспекторы қатысты. Жиналыс барысында бала тәрбиесіне қатысты келелі мәселелер, құнды пікірлер қозғалды. Жиналысқа ата-аналардың қатысуы өте белсенді болды. Ата-аналар өз ойларын ортаға салды. Ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Мектеп директоры Шынар Исатаева бала тәрбиесіне қатысты келелі мәселелермен жиналысты қортындылады.

 

.