Н.К.Крупская атындағы жалпы орта мектебі бойынша

«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдау салтанатты жиынынан

Хабарлама

 

         «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының моделі - балалардың қазіргі замандық қоғамда өз орнын табуына, Отаншылдық және азаматтық  жауапкершілікті сезнуіне, еркін шығармашылық  қабілеттерін дамытуына мүмкіндік береді. «Жас Ұлан –өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық біліммен өзін –өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі мен болашағына деген жауапкершіліке тәрбиелеу мақсатында Н.К.Крупская атындағы жалпы орта мектебінде 11 қараша күні 2-5 сыныптар арасында  «Жас Қыран» «Жас Ұлан» балалар және жасөспірімдер қоғамдық  ұйымының қатарына  қабылдауда бірыңғай салтанатты шара өтті. Шараға Байда округ әкімінің міндетін атқарушы Галиханов Амангелді, ардагер ұстаздар мен мектеп мұғалімдері қатысты. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында өткен шарада қатысушылар құттықтау тілектерін арнады. Сап түзеген Ұландар ант қабылдап, мәлімдеме тапсырып, «Жас Қыран», «Жас Ұлан» ұйымына қабылданды. Қатысушы қонақтармен ардагер ұстаздар ұйымға қабылданушыларға төсбелгілер мен галстукті табыстады. Жас Ұландар уәделеріңе болаттай берік болып, әрқашан тәуелсіз еліміздің туын көкте желбірете берсін!

 

Мектеп директоры :                                            Ш.С.Исатаева

 

Мектеп тәлімгері :                                                Г.Алтыбаева