Оқыту мен оқу үдерісіндегі кері байланыстың маңыздылығын ұғыну, тәжірибеде кері байланыстың түрлері мен әдістері жайлы ақпаратпен танысу мақсатында мектебімізде

"Сабақтағы кері байланыстың тиімділігі" тақырыбында аудандық серіктес мектептердің қатысуымен семинар өтті. Жасалған бағдарламаға сәйкес қонақтарды қарсы алғаннан кейін, психологиялық тренинг көмегімен жақсы көңіл күй сыйлап әрі қарай тәжірибемен алмасу мақсатында ашық сабақтар өтті. Семинар барысында "Ұлт бірлігі - ұлы байлық" тақырыбында тәрбие шарасы өтіп, келген қонақтар бір серпіліп қалды. Семинар соңы кері байланыс арқылы қорытындыланып тұжырымдалды.