Н.К.Крупская атындағы жалпы орта мектебінде 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 2018 жылғы 2 сәуірдегі №123 бұйрығын іске асыру мақсатында  қамқоршылық кеңесі құрылды. Білім  беру ұйымына қолдау көрсету оның жарғылық функцияларының іске асырылуына, қаржылық қолдауды қамсыздандыруда материалдық – техникалық базасының нығаюына септесу, сондай-ақ, оның қызметіне қоғамдық бақылау жүргізу мақсатында мектепішілік қамқоршылық кеңесінің құрамы бекітілді.

Мектеп басшысымен ешқандай туыстық және жекжаттық қатынасы жоқ.  Құрамы 9 адамды құрайды. Құрамында жеке кәсіпкерлер, ата-аналар, заңды өкілдер тағайындалды. Мектеп қызметкерлері арасынан хатшы тағайындалды және ол қамқоршылық кеңесінің мүшесі болып табылмайды. Қамқоршылық кеңестің хатшысы Қамқоршылық кеңестің дайындығын, өткізілуін, материалдар мен отырыс хаттамасының рәсімделуін қамтамасыз етеді.