Котяев селосында сауаттандыру, жастарға білім беру жұмысы өткен ғасырдың 20-шы жылдарының басынан қолға алынған. Бірақ тұрақты оқу орны болмаған. Андрей Лаврентьевич деген белсенді балаларды өз үйінде оқытып, қара танытқан. Мектеп 1930 жылы ашылып, Н.К.Крупская есімі берілген. Алғашқы меңгерушісі болып жасынан «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған Анна Михайловна Юнницкая бекітілген. Сол кезде қазақ сыныптарына Әліпқали Бердешов сабақ берген. 1935 жылы бастауыш мектеп орталау оқу орнына айналды.